PGL CS2 Major Copenhagen 2024: European RMR B: Cloud9 екінші жеңісіне қол жеткізді

PGL CS2 Major Copenhagen 2024: European RMR B: Cloud9 екінші жеңісіне қол жеткізді

Ресейлік Cloud9 ұжымы Counter-Strike 2-ден PGL Major Copenhagen 2024: European RMR B чемпионатының екінші турында еуропалық Apeks командасын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Mirage картасындағы кездесу 13:10 есебімен аяқталды. Кирилл Boombl4 Михайловтың командасы үшін бұл жеңіс турнирдегі екінші жеңіс болды.

Келесі матчта Cloud9 ұжымы халықаралық Team Vitality командасына қарсы ойнайды. Матч 20 ақпанда Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады.

PGL CS2 Major Copenhagen 2024: European RMR B турнирі 19-22 ақпан аралығында Бухарестте өтіп жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или