«Ақтөбе» - «Астана» матчында 10 гол соғылды
«Ақтөбе» футзалдан Қазақстан чемпионатының матчында «Астананы» ірі есеппен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч 8:2 есебімен аяқталды.
Айта кетейік, жеңіске жеткен команда сапында Нұрбек Қарағұлов, Владимир Жигалко (дубль), Мигель (дубль), Асхат Құлбаев (дубль) гол соқты (және бір автогол бар). Қонақтар сапында Олжас Тайбасаров пен Евгений Кошкин көзге түсті.
Айта кетейік, алғашқы ойында ақтөбеліктер «Астананы» 3:0 есебімен ұтқан болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или