русский язык
Ұлттық спорт

Құсбегіліктен Қазақстан чемпионаты басталды

Шығыс Қазақстан облысына қарасты Ұлан ауданы Бозанбай ауылында 2024 жылға арналған құсбегіліктен ересектер арасындағы XVII ҚР чемпионаты басталды.

ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметі мәлім еткендей, ұлттық спорттың бұл түрі алдағы қыркүйекте Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының спорттық бағдарламасына енген.

ел чемпионатыФото: ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы

Алдағы үш күн ішінде құсбегілер өзара кіл мықтының арасынан кім мықтыны анықтамақ.

Жалпы сайысқа еліміздің 12 облысынан 59 бүркіт, 14 қаршыға, 21 ителгі әкелінген. Қатысушылардың арасында әлемге аты белгілі бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы да бар.

ел чемпионатыФото: ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы

Сайыстың бірінші күні құсбегілер үшін оңайға соққан жоқ. Өйткені облыс аумағында қатты жел мен ақ түтек боран басылмай тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;