русский язык
Хоккей

«Барыстың» ҚХЛ-дағы кездесуі драмамен аяқталды

«Барыстың» ҚХЛ-дағы кездесуі драмамен аяқталды

Астанада Құрлықтық хоккей лигасының 2023/2024 маусымындағы тұрақты чемпионаты аясында жергілікті «Барыс» өз айдынында Санкт-Петербургтің СКА командасын қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Командалар негізгі уақыт пен овертаймда жеңімпазды анықтай алмады. Кездесудің негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Қазақстандық команда сапында Нельсон Ножье гол соқты. Үшінші кезеңнің аяқталуына 42 секунд қалғанда Александр Никишин есепті теңестірді. Буллиттер сериясында қонақтар мықтырақ болып шықты. Жеңіс соққысын Марат Хайруллин орындады.

Келесі ойынды астаналықтар мәскеулік «Спартакқа» қарсы өткізеді.

«Барыс» (Астана) - СКА (Санкт-Петербург) 1:2 Б (0:0, 0:0, 1:1, 0:0, 0:1)

1:0 - Ножье (Старченко, Скленичка) - 41:54
1:1 - Никишин (Хайруллин, Кадейкин) - 59:18
1:2 - Хайруллин - 65:00

Қақпашылар: Паскуале - Мойсевич

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;