русский язык

Қазақстан құрамасының шабуылшысы «Кайсар» сапына қосылды

Қазақстан құрамасының шабуылшысы «Кайсар» сапына қосылды

Шабуылшы Айбар Жақсылықов Түркиядағы оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін «Кайсар» сапына қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

26 жастағы шабуылшы карьерасын қызылордалық клубта жалғастырады. Өткен маусымда Жақсылықов «Ордабасы» құрамында Қазақстан чемпионы атанған. Ол 14 матчқа қатысып, екі гол соққан.

Талдықорған футбол мектебінің түлегі спорттық жолын «Жетісуда» бастаған. Ол «Тобыл» сапында да өнер көрсеткен. Биыл Жақсылықов «Жетісуға» қайтқысы келген, бірақ тараптар келісімшарт бойынша келісімге келе алмады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;