русский язык

«Бешікташ» бапкері Зайнутдинов туралы мәлімдеме жасады

«Бешікташ» бапкері Зайнутдинов туралы мәлімдеме жасады

«Бешікташтың» бас бапкері Фернандо Сантуш Қазақстан құрамасының көшбасшысы Бақтиер Зайнутдиновтың позициясы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Португалиялық бапкер қазақстандық ойыншыны орталық қорғаушы позициясына қояды. Зайнутдинов әмбебап ойыншы болып саналғанымен, оның негізгі позициясы - орталық шабуылдаушы жартылай қорғаушы

«Мен Қазақстан құрамасының бас бапкерін құрметтеймін, бірақ «Бешікташтың» бас бапкері мен. Зайнутдиновты қай позицияға қойғым келсе, сол жерге қоямын. Қаласам, қақпаға қоямын!» – деді маман.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Бешікташ» Түркия Суперлигасының 24-туры аясындағы ойында «Трабзонспорды» 2:0 есебімен сенімді жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;