русский язык
Теннис

Дэвис кубогы 2024: Қазақстан мен Аргентина кездесуінің тікелей трансляциясы

Дэвис кубогы 2024: Қазақстан мен Аргентина кездесуінің тікелей трансляциясы

Бүгін, 3 ақпанда Росарио қаласында (Аргентина) 2024 жылғы Дэвис Кубогының іріктеу кезеңіндегі Аргентина-Қазақстан құрамаларының ашылу матчтары өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші ойын күні Астана уақытымен 20.00-де Дмитрий Попко (338 ATP) Франсиско Серундоло (22 ATP) қарсы ойнайды. Олардан кейін кортқа Тимофей Скатов (278 ATP) пен Томас Мартин Этчеверри (28 ATP) шығады.

Айта кетейік, Денис Евсеев сырқатына байланысты ұлттық құрама сапында ойнай алмайды.
Аргентина-Қазақстан матчы бес кездесуден тұрады.
Матчтардың тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 20:00-де басталады. Qazsport телеарнасынан көруге болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;