ҚПЛ клубы жолдастық матчта жеңіске жетті

ҚПЛ клубы жолдастық матчта жеңіске жетті
news-banner7
mobile-news-top

Түркияда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны аясында бүгін қазақстандық «Атырау» клубы жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Атырау» Солтүстік Македонияның «Брера» клубымен жолдастық кездесу өткізді. Кездесу 2:1 есебімен қазақстандық клубтың жеңісімен аяқталды. Жеңімпаздар арасында Игорь Стасевич дубль авторы атанды.

Атыраудың негізгі құрамы: Тоқтаров, Адамбаев, Керімжанов, Барбоза, Ахтамов, Нойок, Джуматов, Новак, Стасевич (к), Әділ, Сигьевич.

Айта кетейік, «Атырау» Қазақстан Премьер-Лигасының соңғы маусымында 7-орынға ие болды. Брера 2018/19 маусымында Солтсүтік Македония кубогын жеңіп алды.

«Атырау» (Қазақстан) - «Брера» (Солтүстік Македония) 2:1

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер