Автоголдың кесірінен Тәжікстан Азия кубогының жартылай финалынан құр қалды
![Автоголдың кесірінен Тәжікстан Азия кубогының жартылай финалынан құр қалды](https://prosports.kz/upload/news/content//202402/201736_9cd0e7280a07de3ea7b057f904eb0d52.jpg?v=28700794)
Футболдан Тәжікстан құрамасы Катарда өтіп жатқан Азия кубогының ширек финалдық кездесуінде Иордания құрамасынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу 1:0 есебімен аяқталды. 66-минутта Тәжікстан құрамасының қорғаушысы Вахдат Ханонов допты өз қақпасына бағыттап алды.
Жартылай финалда өз тарихында алғаш рет турнирдің бұл кезеңіне шыққан Иордания құрамасы Австралия-Оңтүстік Корея кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.
Азия кубогы 10 ақпанда аяқталады.