русский язык
Күрес

Күрес түрлерінен ел чемпионаты: Алғашқы жеңімпаздар анықталды

Күрес түрлерінен ел чемпионаты: Алғашқы жеңімпаздар анықталды

Бүгін Астана қаласында Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» спорт сарайында күрес түрлерінен Қазақстан біріншілігі басталып, алғашқы жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ел біріншілігінің алғашқы күні грек-рим шеберлері 55, 63, 72, 82 және Олимпиада бағдарламасына кіретін 97 келі салмақта жүлде жиынтығын сарапқа салды.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

55 келі:

1-орын - Нұрзат Қабдырахимов (Жетісу облысы)

2-орын - Айбек Айтбеков (Астана қаласы)

3-орын - Ербол Камалиев (Алматы облысы)

3-орын - Қасым Аден (Түркістан облысы)

63 келі:

1-орын - Ержет Жарылқасын (Жамбыл облысы)

2-орын - Диас Әскербай (ШҚО)

3-орын - Айбек Есмұратов (Қостанай облысы)

3-орын - Мұхамедәли Мамырбек (Шымкент қаласы)

72 келі

1-орын - Николай Хапко (СҚО)

2-орын - Ерасыл Нұрбосынов (Алматы облысы)

3-орын - Әділхан Сатаев (Шымкент қаласы)

3-орын - Елдос Камелов (ШҚО)

82 келі

1-орын - Евгений Поливадов (Атырау облысы)

2-орын - Альмир Төлебаев (Жетісу облысы)

3-орын - Талас Әшірханов (Жамбыл обл.)

3-орын - Мирас Баршылықов (Қостанай облысы)

97 келі

1-орын - Олжас Сырлыбай (Қызылорда обл.)

2-орын - Иусуф Мациев (Қостанай обл.)

3-орын - Ислам Умаев (Алматы қ.)

3-орын - Ерұлан Искаков (Қарағанды обл.)

Аталған ел біріншілігіне еліміздің 20 өңірінен 600-ден астам күрес шеберлері қатысуда.

Осы біріншілікте топ жарған балуандар Бішкекте (Қырғызстан) өтетін Азия аймақтық, Ыстанбұлда (Түркия) өтетін әлемдік іріктеу турнирінде бақ сынау мүмкіндігіне ие болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;