Әділбек Жақсыбеков «Астана» велокомандасын қабылдады

Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков «Астана» велокомандасының өкілдерімен кездесі ұйымдастырды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Әділбек Жақсыбековтан басқа Қазақстан велоспорт федерациясының президенті Дархан Қалетаев және «Астана» велокомандасының өкілдері – Олимпиада чемпионы, бас менеджер Александр Винокуров, велоспортшылар Фабио Ару мен Андрей Зейцпен кездесті.

Елорда әкімі, бірінші кезекте, 4 қазанда өткен «Алматы Туры- 2015» халықаралық кәсіби веложарыста қазақстандық Алексей Луценконың жеңісі мен «Ломбардия туры» атты классикалық италияндық веложарыстағы Винченцо Нибалидің жеңісімен құттықтады.

Фабио Ару Астана қаласының әкіміне велоспортты қолдағаны үшін алғысын білдіріп, испандық «Вуэльта» Гранд Тур жеңімпазының қызыл жейдесін табыстады. Александр Винокуров, Ә.Жақсыбековке «А.Винокуров: Олимпийский путь» кітабын сыйлады.

«KAZsport» арнасының ресми сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или