русский язык
Теннис

Рыбакинаның матчы Australian Open 2024 турнирінде үздік бестікке енді

Рыбакинаның матчы Australian Open 2024 турнирінде үздік бестікке енді
news-banner7
mobile-news-top

Australian Open ресми сайтында 2024 жылғы турнирдің үздік матчтары туралы материал жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тізімге Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина мен ресейлік Анна Блинкова арасындағы кездесу енді. Матчтың фавориті саналған Елена Рыбакина 4:6, 6:4, 6:7 (20:22) есебімен қарсыласына жол берген еді.

«Елена Рыбакина турнир қарсаңында керемет өнер көрсетті және көпшілік оны Арина Соболенкоға чемпиондық атағын қорғауда басты бәсекелес деп санады. Бірақ қазақстандық теннисші бұған дейін Мельбурнда екінші айналымға шығып көрмеген Анна Блинковамен кездесу өткізді. Олар екі сағат 46 минут күш сынасты, бірақ соңғы сеттегі тай-брейк тарихқа енді. Ол 32 минутқа созылды, ұпай саны бойынша ең ұзақ тай-брейк болды. Блинкова бұл сында 22:20 есебімен жеңді», — деп жазылған турнир сайтында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;