русский язык
Басқа

Канвон-2024: Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде 18-орынға сырғыды

Канвон-2024: Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде 18-орынға сырғыды

Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасының оныншы күні Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 18-орынға сырғыды.

Қазақстан құрамасы әзірге 1 алтын, 2 қола медальмен жалпы медальдар кестесінде Чехия және Польша құрамаларымен бірге 18-орынды өзара бөлісіп тұр.

Ал, жалпыкомандалық есепте әзірге Италия құрамасына тең келер ешкім болмай тұр. Бүгін олар алтын медаль сынын 11-ге жеткізді. Осылайша 11 алтын, 3 күміс, 3 қоламен италиялықтар жеке дара көш бастап келеді.

Ал екінші орында 7 алтын, 4 күміс, 5 қола медальмен Германия құрамасы келе жатса, үздік үштікті 6 алтын, 3 күміс, 4 қола медальмен Франция құрамасы түйіндеп тұр.

Түпнұсқасы: sportplustv.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;