Әлем футболы

Клопптың ізінен «Ливерпульден» үш футболшы кетуі мүмкін

Клопптың ізінен «Ливерпульден» үш футболшы кетуі мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

«Ливерпульдің» бас бапкері Юрген Клопп ағымдағы маусым аяқталғаннан кейін ағылшындық клубтан кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Неміс бапкерінің артынан мерсисайдтық командадан бірден үш үздік ойыншы кетуі мүмкін.

Дереккөздің хабарлауынша, әңгіме қорғаушылар Вирджил ван Дейк пен Трент Александр-Арнольд, сондай-ақ шабуылшы Мохаммед Салах туралы болып отыр. Ойыншылардың келісім-шарттары 2025 жылы аяқталады. Неміс бапкері кеткеннен кейін үшеуі де келісімшартты ұзартудан бас тартып, клубтан кез келген уақытта кетуі мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер