Қазақстан чемпионаты: «Семей» сырт алаңда ірі есеппен жеңіске жетті

Футзалдан Қазақстан чемпионатының матчында «Семей» «Каспийден» басым түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу 6:1 есебімен аяқталды.
Айта кетейік, жеңімпаздар қатарында Ержан Кәрменов, Нұрсұлтан Таңатұлы, Кайо Торрес, Максим Волынук, Батырхан Кенжеғали және Гильерме Тейшейра гол соқты.
Естеріңізге сала кетейік, екінші кездесу ертең өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или