русский язык
Велоспорт

Александр Винокуров тағы бір атаққа қол жеткізді

ҚР спорт және туризм министрі Ермек Маржықпаев велоспорттан еліміздің еңбек сіңірген спорт шебері, Лондон Олимпиадасының чемпионы Александр Винокуровпен кездесті.

Даңқты велошабандозымыз отандық спортты, оның ішінде велоспортты дамыту жолында қажырлы еңбек етіп келеді. 2013 жылдан бері ол әлемге әйгілі «Астана» велокомандасын басқарады.

Кездесу барысында Александр «Астана» велокомандасының халықаралық жарыстардағы нәтижесі мен болашақ даму жоспарлары туралы айтып берді. Велоспорттан ұлттық құраманың көшбасшылары осы ұжымның өкілдері екені белгілі. Сондықтан біз осы жазда Парижде өтетін Олимпиадада ел намысын қорғайтын велошабандоздарды дайындаудың жеке жоспарын талқыладық.

Жиын соңында Александрға Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы құрметті атағын тапсырдым. Ол өз кезегінде жазда ұлттық құрамамен бірге Париж Олимпиадасына баруға уәде берді. Оның спорттағы тәжірибесі мен қолдауы біздің спортшыларға төртжылдықтың басты додасында лайықты өнер көрсетуге көмектеседі деп сенемін.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;