OCTAGON «Камиль Карате» қатысатын супержекпе-жек туралы хабарлады
![OCTAGON «Камиль Карате» қатысатын супержекпе-жек туралы хабарлады](https://prosports.kz/upload/news/content//202401/472_ebd3a55d832c2855512d8667003b0be5.jpg?v=28694970)
OCTAGON еуразиялық аралас жекпе-жек лигасы OCTAGON 55 турнирінде супер жекпе-жек өтетінін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Камиль карате» лақап атымен танымал тәжікстандық Камариддин Хасанов қырғызстандық Марсель Нурланбекпен кездеседі.
Карате OCTAGON 50 турнирінде өткен кейінгі жекпе-жегінде төрешілер шешімімен Елчибек Абдубалиевті жеңген болатын.
OCTAGON 49 турнирінде өнер көрсеткен Марсель Нурланбек мысырлық Ахмед Эльфаразиді Kneebar әдісімен жеңген еді.
Турнир 16 ақпанда Алматыда өтеді.
Кештің басты жекпе-жегінде қырғызстандық Муртазали Магомедов өзбекстандық Сардор Худайбердиевпен кездеседі. Бұл жекпе-жектің жеңімпазы жартылай жеңіл салмақтағы (65,8 келі) OCTAGON лигасының чемпионы атанады.