«Астананың» Аустралия мен Жаңа Зеландияда өтетін веложарыстарға қатысатын құрамы жарияланды
![«Астананың» Аустралия мен Жаңа Зеландияда өтетін веложарыстарға қатысатын құрамы жарияланды](https://prosports.kz/upload/news/content//202401/472_a2b19fc27d94b451752e7b905d158dd0.jpg?v=28701034)
«Астананың» Серф-Кост Классик (Новая Зеландия) и Кэдел Эванс Грейт Оушен Роуд (Аустралия) классикалық бір күндік веложарыстарына қатысатын құрамы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Екі жарыстың құрамы төмендегідей:
Мишель Газзоли, Макс Кантер, Самуэле Баттистелла, Кристиан Скарони, Джанмарко Гарофоли және Дмитрий Груздев.
Серф-Кост Классик веложарысы 25 қаңтарда жалпы ұзындығы 158,6 км құрайтын Лорн - Торки бағыты бойынша өтеді. Грейт Оушен Роуд 28 қаңтарда өтеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін «Астана» велокомандасы Сауд Арабиясында өтетін көпкүндік жарысқа қатысатыны белгілі болған еді.