русский язык

«Арысқа» жаңа бапкер тағайындалды

«Арысқа» жаңа бапкер тағайындалды

«Арыс» командасының бас бапкері қызметіне 56 жастағы қазақстандық маман Сергей Тагиев тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сергей Тагиев бапкерлік мансабын «Таразда» бастап, бірнеше жылдар бойы бапкердің көмекшісі болып жұмыс істеді. 2013-2014 жылдары «Жетісуда» Омари Тетрадзенің көмекшісі, дене шынықтыру бойынша жаттықтырушы қызметін атқарған.

2014 жылдың қарашасынан 2015 жылдың қаңтарына дейін 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы болды.

Тагиев соңғы маусымды «Туркестанда» өткізіп, команданы толығымен басқарды. Оның жетекшілігімен клуб 31 матч өткізіп, Бірінші лигада 10-орынға көтеріліп, топтық кезеңде Қазақстан кубогынан шығып қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;