«Алматы туры-2015» веложарысы басталды

«Алматы туры-2015» веложарысы басталды

Оңтүстік Астанада «Алматы туры-2015» веложарысы басталды. Біркүндікке 20 команда қатысып жатыр, олардың ішінде екеуі кәсіби спортшылардан құрылған қазақстандық «Астана» және ресейлік «Катюша» командалары бар.

Спортшылар әл-Фараби даңғылының бойымен жүріп өтеді. Биыл бағыттың қашықтығы 186 шақырым болды - жарысқа қатысушылар әрқайсысы 31 шақырым болатын жолды алты рет айналады. Биылғы «Алматы турының» бас жұлдызы – «Вуэльта-2015» жеңімпазы италиялық Фабио Ару («Астана» командасы). Тікелей трансляция «Евроспорт-2» телеарнасында жүріп жатыр.

Бұл жарыста «Астананың» спорт директоры Александр Шефер. Ол осыған дейінгі екі бірдей «Алматы турын» жеңіп алған командасының осы жолы да жеңімпаз болуға ниетті екенін айтып берді.

«Астана» командасының «Алматы туры-2015»-тегі толық құрамы: Фабио Ару, Паоло Тиралонго, Алексей Луценко, Арман Қамышев, Руслан Тілеубаев, Даниил Фоминых, Андрей Зейц, Бахтияр Қожатаев.

Айта кетейік. 8.30-15.00 аралығында әл-Фараби даңғылының бойындағы Мұстафин мен Достық даңғылына дейінгі аралық жабылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или