Г. Михайлов: «Алматы туры-2015» веложарысы өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды»

Халықаралық «Алматы туры-2015» біркүндік веложарысы өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен арнайы баспасөз мәслихаты барысында ресейлік «Katusha» кәсіби вело командасының спорт директоры Геннадий Михайлов мәлім етті.

«Біз бұл жарысқа осымен екінші рет қатысып отырмыз. Өткен жылы екінші орын алған болатынбыз. Биыл өте мықты құраммен келдік. Арамызда, өткен жылғы жарыста күміс жүлдеге ие болған Сергей Чернецкий де бар. Өткен жылы жарыс біз үшін сәтті болды. Трасса бір қарағанға қиын емес сияқты көрінеді. Жарыс жолы кең, үлкен әрі тегіс. Бірақ, жарыс барысында биіктік деңгейінің айырмасы әсерін тигізбей қоймайды. Әсіресе, жарыстың соңғы шақырымдары жігіттерге өте қиын соғады. Бірақ, біздің жігіттер бұл қашықтыққа дайын. Меніңше соңғы шақырымдарда сытылып алға шыққан мықты велошабандоздар жарыс тағдырын шешеді деп ойлаймын. Ертең жарыс өте қызықты өтетіндігі сөзсіз. Үздік нәтижеге қол жеткіземіз деген үміттеміз», - деді Г. Михайлов.

Өз сөзінде «Katusha» кәсіби велокомандасының мүшесі Сергей Чернецкий биылғы жарысқа тыңғылықты дайындықпен келгендігін жеткізді.

«Алексей Луценкомен мәреге жақындғанда жарысу қиын. Өйткені ол тез, батыл қимылдайды. Егер мәре алдындағы соңғы дөңесте одан бұрын алға ұмтылып, сытылып кетуге әрекет жасасаң, онда жеңісе жетуге мүмкіндік бар. Өткен жылы ол менен мықты болды. Ол биыл да бабында. Ал енді бұл жолы кімнің бғы жанатындығын жарыс көрсетеді», - деді С. Чернецкий.

Айта кетелік, өткен жылғы жарыста бірінші орынды «Astana Pro Team» велокомандасының шабандозы Алексей Луценко жеңіп алған болатын.

ҚазАқпарат

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или