«Қайрат» «ТЭК-Қазақстанның» қақпасына он алты жауапсыз гол соқты

Алматылық «Қайрат» футзал клубы Қазақстан кубогының алғашқы кезеңінде басым жеңіске қол жеткізді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Естеріңізге сала кетсек, қазіргі таңда Щучинскте ел кубогының бастапқы кезеңі өтіп жатыр. Аталмыш жарысқа «Қайраттан» өзге «Тұлпар» (Қарағанды), «Аят» (Рудный), «Ұшқын-Искра» (Астана), «Інжу» (Ақтөбе) және «ТЭК-Қазақстан» (Атырау) командалары қатысуда.

«ТЭК-Қазақстанға» қарсы ойынға Какау бірінші минуттан алаңға мына ойыншыларды шығарды: Гуров, Диваней, Дуглас, Лукаян мен Алешандре. УЕФА кубогының екі дүркін иегері атыраулық команданың қақпасына он алты жауапсыз гол енгізді. Лукаян пента-трик жасаса, Дуглас пен Жоан хет-триктің авторы атанды. Сондай-ақ, Алешандре мен Жаманқұлов дубль жасады, ал Диваней бір рет көзге түсті.

Енді ертең алматылық ұжым ақтөбелік «Інжу» командасымен кездеседі. Матч астана уақытымен сағат 13:00-де басталады.

«Қайрат» — «ТЭК-Қазақстан» 16:0 (9:0)

Голдар: Лукаян 1, 2, 13, 25, 37, Дуглас 3, 13, 26, Алешандре 4, 27, Жоан 7, 16, 30, Жаманкулов 14, 33, Диваней 29

Төрешілер: Құсайынов (Астана), Қосмухамбетов (Қостанай)

28 қыркүйек. Щучинск. «Жақсы». 400 жанкүйер.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или