Арнольд Кнауб: әлем чемпионатын жеңу үшін шашымды қызғылт түске бояуға дайынмын
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Арнольд Кнауб команданың 2024 жылғы Әлем чемпионатына шығуы туралы пікір білдіріп, жеңіс үшін қандай қадамдарға дайын екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
<span>Ұлттық құраманың ойыншысы Арнольд Кнауб команда жеңісінің сыры неде екенін айтып берді.</span>
"Менің ойымша, біздің команда өте ұйымшыл. Бір-бірімізді сөзсіз түсіну үшін біраз жұмыстандық. Көп жылдардан бері бірге ойнаймыз. Физикалық дайындықты да айтпай кетуге болмайды, әрине. Осылардың барлығы бірігіп бізге осындай нәтиже берді."
Футболшы Әлем чемпионатын жеңу үшін тіпті шашын қызғылт түске бояуға да дайын екенін айтты.
Айта кетейік, футболдан Әлем чемпионаты келесі жылы 6 қыркүйек пен 14 қазан аралығында Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтеді. Қазақстан ұлттық құрамасы Әлем чемпионатына осымен төртінші рет қатысады. Команда ең үздік нәтижені 2021 жылы көрсеткен еді (4-орын).