русский язык
ММА

Шавкат Рахмонов UFC-де кезекті рет сенімді жеңіске жетті

Шавкат Рахмонов UFC-де кезекті рет сенімді жеңіске жетті

Жексенбі күні, 17 желтоқсанда таңертең қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (17-0) Лас-Вегастағы UFC 296 турнирінде америкалық Стивен Томпсонмен (17-6-1) кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жоспарланған үш раундтың екінші раундының соңғы секундтарында Шавкат қылқындыру әдісін сәтті қолданып, қарсыластан басым түсті.

Осылайша, жерлесіміз мансабындағы 18-ші, ал UFC-дегі алтыншы жеңісін тіркеді.

Айта кетейік, UFC 296 турнирінің басты жекпе-жегінде ағылшын Леон Эдвардс (21-3-0-1) пен америкалық Колби Ковингтон (17-3) кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;