Қазақстан - Нидерланды матчының тікелей трансляциясы
14 желтоқсанда Астанада футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирінің элиталық раундының матчы өтеді, онда Қазақстан құрамасы Нидерландымен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан мен Нидерланды матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен 20:30-да басталады, «Qazsport» телеарнасынан көруге болады.
Айта кетейік, топ жеңімпазы 2024 жылғы әлем чемпионатының финалдық кезеңіне тікелей жолдама алады. Екінші орын алған команда да әлем чемпионатына жолдама алады. Алдағы футзалдан әлем чемпионаты 2024 жылдың 14 қыркүйегі мен 6 қазаны аралығында Өзбекстанда өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или