Какау: «Жігіттер жүрегімен ойнады»

Қазақстан құрамасының бас бапкері Какау Босния және Герцеговина құрамасына қарсы кездесу туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

- Бізге жанкүйерлер көмектесті, олар алаңдағы алтыншы ойыншы болды, - дейді Какау. - Жігіттер өте әдемі ойнады. Біз Босния және Герцеговина құрамасын құрметтейміз. Олар мықты команда. Алайда, біз дайындық кезеңінде көп жұмыс атқардық. Біздің құрама дамудың дұрыс жолында келе жатқанын дәлелдеді. Бүгін қазақстандық футзал тарихқа енді. Біз Еуропаның ең үздік 12 құрамасының қатарына қосылдық. Тарихи жетістіктің батырлары - ойыншылар. Босния және Герцеговина құрамасымен кездесу алдында көптеген турнирлерге қатыстық. Біз демалған жоқпыз. Алайда, жеңіске жетуді қаладық. Барлықтарыңызды осы жетістікпен құттықтағым келеді. Қазақстан - менің екінші үйім. Мен осы елдегі адамдарды, командамды жақсы көремін. Өзімде Қазақстанда ойнадым. Жігіттер жүрегімен ойнады деуге болады. Олардың көпшілігі алаңға жарақатымен шықты. Көп-көп рахмет! Қорғаушылар да сенімді ойнады. Бірінші таймда біздің қақпаға екі соққы жасалды. Ал, біз 12 рет соққы бағыттадық. Екінші таймда қарсыластарымыз қауіпті шабуыл жасай алмады. Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне дайындық жөніне тоқталсақ, көп жұмыс атқаруға тура келеді. Енді барлығы Қазақстанның нағыз күшін біледі. Біздің тактиканы мұқият зерттейді. Жақсы дайындалу үшін мықты қарсыластармен көп ойнау керек.

- Біз жеңіліс түгілі, гол өткізгіміз келмеді. Өйткені, жанкүйерлер қолдауы керемет болды, - дейді Қазақстан құрамасының шабуылшысы Николай Пенгрин. - Барлық команда жақсы ойын көрсетті. Жанкүйерлерге көп-көп рахмет! Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне алғаш рет шықтық. Әрі қарай жанкүйерлерімізді жеңіспен қуантамыз деп үміттенемін.

- Босния және Герцеговина құрамасымен өтетін ойында біздің 5:0 және 4:0 есебімен жеңіске жетті. Қай ойын оңай болды?

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или