Apeks ұжымы Elisa Masters Espoo 2023 турнирінің плей-офф кезеңіне өтті

Apeks ұжымы Elisa Masters Espoo 2023 турнирінің плей-офф кезеңіне өтті

Еуропалық Apeks командасы Counter-Strike 2-ден Elisa Masters Espoo 2023 турниріндегі B тобы матчында бразилиялық FURIA Esports командасын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 2:0 (Inferno-да 13:7, Vertigo-да 13:3) есебімен аяқталды. Йоаким jkaem Мирбустадтың командасы турнирдің плей-офф кезеңіне өтті.

FURIA Esports топтық кезеңде өнер көрсетуді жалғастырады, онда келесі матчта команда MOUZ ұжымымен күш сынасады. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Complexity Gaming турнирден ұшып кеткен болатын.

Elisa Masters Espoo 2023 чемпионаты 29 қараша мен 3 желтоқсан аралығында Финляндияда өтіп жатыр. Қатысушылар 200 мың АҚШ долларын құрайтын жүлде қорын сарапқа салуда.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или