Дінмұхамбет Сүлейменов: «Бұл жетістік есімізде мәңгі сақталады!»

Футзалдан Қазақстан құрамасының капитаны Дінмұхамбет Сүлейменов қызу қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғысын білдірді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

- Бізге керемет қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғыс білідерімн, - дейді Дінмұхамбет Сүлейменов. - Біз жанкүйерлердің жүрегінің жылуын сезіп, алға ұмтылдық. Жанкүйерлермен бірге жеңіске жеттік.

- Жеңістен кейінгі көңіл-күйді айта аласыз ба?

- Тарихи жеңіске жеткенімізді барлығымыз жақсы түсінеміз. Біздің команда тұңғыш рет Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды. Біз өте бақыттымыз. Бұл жетістік есімізде мәңгі сақталады!

- Ойынға қандай тактика қойылды?

- Бірінші минуттан бастап ойынға мұқият көңіл бөлу керек болды. Босниялық футболшылардың қарымта қайтаруға ұмтылатынын жақсы түсінідк. Бас бапкер гол өткізбей, қарымта шабуылды сауатты ұйымдастыруды тапсырды. Матч алдында Қазақстан футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов ойыншылардың босаңсуымауын, тағы бір қадам жасауды айтты. Жанкүйерлердің алдында басқаша жасау мүмкін емес еді.

- Іріктеу кезеңіндегі жетістіктің құпиясы неде?

- Жігіттер көп тәжірибе жинады. Жаңа ойыншылардың жоғары деңгейі көмектесті. Мұның барлығы кездесудің нәтижесіне әсер етті. Біз бұл сәтке ұзақ жүрдік. Тарихи сәтке өте қуаныштымыз. Бұл - Қазақстанның мерекесі.

ҚФФ ресми сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или