Игита: «Командамыз бір отбасы сияқты»

Футзалдан Қазақстан құрамасының қақпашысы Леонардо де Мело Виера Лейте (көпшілікке «Игита» деген лақап атымен танымал-авт) Ұлттық құраманың ойынын атап өтті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

- Матч алдында өзімді аздап сырқаттанғандай сезіндім. Дегенмен ойнағым келді, - дейді Игита. - Барлығымыз бүгін жеңіске жетуді қаладық. Біздің командамыз бір отбасы сияқты. Бір-бірімізді бұрыннан танимыз, бір-бірімізге үнемі қолдау көрсетеміз. Осының арқасында оң нәтижеге қол жеткіздік деп ойлаймын. Жанкүйерлердің қолдауы да керемет болды.

- Босния және Герцеговина құрамасымен өткен ойында біздің команда бірде-бір гол өткізген жоқ. Бұл қорғаушылардың үлесі ме? Әлде қақпашының еңбегі ме?

- Қорғаныс шебі өте жақсы ойнады. Ойыншылар бас бапкер Какаудың айтқанын толықтай орындады. Біздің қақпаға бағытталған соққылардың саны аз болды.

- Бұл ойында әдеттегідей сіздің ойынға араласып, қарсыластың қақпасына соққы бағыттағаныңызды көрмедік...

- Жауапты ойында тәуекелге бармаған жөн деп шештік. Өйткені, қарсылас гол соғуға мүмкіндік алатын еді. Дегенмен, екі голды беске төрт ойнаған кезде соқтық. Сол себепті мен шабуылға қосылдым.

ҚФФ ресми сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или