Серік Жаманқұлов: «Арманымыздың орындалуына көмектескен жандарға алғыс айтамыз»

Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншыcы Серік Жаманқұлов Босния және Герцеговинаға қарсы кездесу туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

- Қорғаныстағы ойынның арқасында жеңіске жеттік деп оайлаймын, - дейді Қазақстан құрамасының шабуылшысы Серік Жаманқұлов. - Бұл - ең бастысы. Шабуылдағы барлық жоспарымыз жүзеге асты. Ал, қонақтар қорғанысымыздың осал тұсын таба алмады. Бапкердің айтқанын орындап, сенімдік ойнай білдік.

- 5:0 есебімен жеңіске жеткеннен кейін қарымта ойынға дайындалу қиын болған жоқ па?

- Біз бірінші ойынның есебін ұмытуға тырыстық. Есеп 0:0 деп алаңға шықтық. Босниялық футболшыладың беріле салмайтынын білеміз. Есеп ашылғаннан кейін барлығы ойдағыдай өтті.

- Көңіл-күйіңізбен бөліссеңіз?

- Оны сөзбен жеткізу мүмкін емес. Біз алғаш рет Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне шықтық. Қазақстандық футбол мен футзалдың жетекшілері бізді құттықтады. Жылы тілектерін білдірді. Қазақстандық футзалдың жаңа деңгейге шыққанына қуаныштымыз. Біз осы арманның орындалуына көмектескен жандардың барлығына алғыс айтамыз.

ҚФФ ресми сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или