Александр Довгань: «Әрқашан бір-бірімізге көмектесуге дайынбыз»

Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншыcы Александр Довгань Босния және Герцеговина құрамасының кәрі құрлықтағы ең беделді командалардың арасында екенін атап өтті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

- Бұл командамен кездесіп, оны жеңу біз үшін қызық болды, - дейді Қазақстан құрамасының шабуылшысы Александр Довгань. - Босния және Герцеговина құрамасы Еуропадағы беделді ұжымдарының бірі. Жақсы ойыншылармен жасақталған. Ұзақ уақыттан бері бірге ойнайды. Екі ойындағы ірі жеңіске қарамастан бұл жетістік бізге оңай келген жоқ. Біз қиын ойынға дайындалдық. Жеңіске жетіп, қарсыласымыздың атағына қарамастан дәлелдегіміз келді. Біздің команда дамудың жаңа кезеңіне шықты. Енді көптеген мықты қарсыластарымен кездесуге дайын.

- Жетістіктің басты кепілі не?

- Біздің құрамымыз жақсы жасақталған. Жаттықтырушылар штабы мықты. Оқу-жаттығу жиынын жоғары деңгейде ұйымдастырды. Бұл Қазақстан құрамасының ішкі жағдайына да әсер етті. Біз кез келген секундта бір-бірімізге көмектесуге дайынбыз. Қорғаушылар мен қақпашы Игитаға жеке алғыс айтқым келеді. Олардың сенімді ойыны ортақ табысқа үлкен үлес қосты. Қазақстандық жанкүйерлерге де ықыласым шексіз. Бұл - ортақ жеңіс.

ҚФФ ресми сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или