Ерлан Қожағапанов футзалдан Қазақстан құрамасын жетістігімен құттықтады

Қазақстан футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов футзал Ұлттық құраманы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне шыққанымен құттықтады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Біз тарихи сәттің куәсі болдық. Футзалдан Қазақстан құрамасы тұңғыш рет Еуропа Чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды. Бұл - қазақстандық футболдың жеңісі. Еліміз үшін үлкен мереке. Отандық футболға көп назар аударатын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан үміттердің ақталғаны.

Соңғы жылдары еуропалық футзалда алматылық «Қайрат» жетістікке жетіп жүр. Енді еліміздің ұлттық құрамасының да кезегі келді. Біз бұл сәтті ұзақ күттік. Босния және Герцеговина құрамасымен өткен ойынның финалдық ысқырығынан кейін тарихи жеңіске қуандық.

Бас бапкер Какау мен оның шәкірттеріне алғыс айтамын! Сіздер миллиондаған қазақстандық жанкүйерлердің үмітін ақтадыңыздар. Бізге кезекті мерекені сыйладыңыздар. Оның жалғасын келесі жылдың ақпанында Белградта көреміз деп үміттенемін.

Барлықтарыңызды шын жүректен үлкен жетістікпен құттықтаймын!

Құрметпен, Қазақстан футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов»- делінген құттықтау хатында.

ҚФФ ресми сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или