Тарихи сәт. Қазақстан құрамасы - Еуропа чемпионатына жолдама алды

Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі Босния және Герцоговина құрамасына қарсы қарымта кездесу отандық футзал тарихындағы орны ерекше. Себебі, бүгінгі жеңіс кәріқұрлықтың басты додасы жолдама алып берді. Қазақстан футзалының тарихында еліміздің бас құрамасы тұңғыш рет 2016 жылы Сербия жерінде өтетін Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне өтті.

Босния және Герцоговина елінде өткен алғашқы кездесуде алаң иелерін 5:0 есебімен тізе бүктірді. Бірінші таймда Нұрғожин мен Жаманқұлов көзге түсті. Екінші таймда Дуглас дубльдің авторы атанса, Лео нәтижені қорытындылады. Ал Алматыдағы қарымта кездесуде есептің бұданда ірі боларына жанкүйерлер кәміл сенімді еді.

Алғашқы қауіпті соққыны алматылық «Қайратқа» жуырда ауысқан Шыңғыс Есенаманов жасады. Ал бірер минут өткеннен кейін дәл осы футзалшының гол соғатын екінші мүмкіндігі болды, алайда құрамамыз тек бұрыштама добына қол жеткізді. Алғашқы бес минут алаң иелерінің айқын басымдығымен өтті. 7-ші минутта Қазақстан құрамасының ойыншысы Дуглас Негрейрос қарсылас қақпасынан саңылау тауып көруге тырысқан, бірақ Босния және Герцоговина құрамасының қақпашысы шеберлігін көрсетті. Шабуылды үдете түскен қазақстандық футболшылардың қарқын қонақтар тек ереже бұзумен тойтара алды. 9-шы минутта Леоның жойқын соққысын Омербеговичтің қайтаруға шамасы жетпеді. Осылайша Қазақстан құрамасы есепте алға шықты. Қонақтар Игита қақпасына алғашқы соққыны тек бірінші таймның орта тұсында жасады. Сол қапталмен қақпа маңына келген Радмилович қауіпті соққы бағыттады. 14-ші минутта Омербегович қақпасының маңындағы қарбаласты Дуглас сәтті пайдаланып, есепті еселеді. Алғашқы тайм аяқталар тұста Ұлттық құраманың ойынынан жігер алған көрермендер Ескендір Хасанғалиевтың «Атамекен» әнін шырқап, ойыншыларымызға күш-жігер беруге тырысты. Алаң иелерінің босаңсыған сәтін пайдаланып қалмақ болған қонақтар қауіпті шабуыл ұйымдастыра білді. Қақпа маңында пас алған Бошкович Игитадан айласын асыра алмады. Ал бірер минуттан кейін Беванданың соққысы қақпа торын бүлк еткізді, алайда сыртынан...

Екінші таймға қос құрама ойыншылары тың болып шыққанымен қорғанысқа баса назар аударды. Қазақстан құрамасы шабуылда мардымсыз ойын өрнегін көрсетті бес минуттай. Алайда жанкүйерлердің қызу қолдауының арқасында 24-ші минутта Таку командаласы Дугластың пасын голға айналдыра білді. Көзді ашып жұмғанша төртінші гол да соғылды. Сол қапталда сәтті ойын көрсетіп жүрген Дугластың пасынан кейін Шыңғыс Есенаманов есепті 4:0-ге жеткізді. Матч соңына дейін таблодағы есеп мәні өзгерген жоқ.

Осылайша, Какау баптайтын Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне өтті. Енді Ұлттық құрамамыз 2-сі мен 12-сі аралағында Сербия астанасы Белград қаласында кәріқұрлықтың үздік құрамаларымен күш сынасатын болады.

Еуропа чемпионаты-2016. Плей-офф кезеңі. Қарымта кездесу.

Қазақстан - Босния және Герцеговина - 4:0 (2:0)

Голдар: Лео, Дуглас, Таку, Есенаманов

Қазақстан: Шамро, Игита, Гребонос, Жаманқұлов, Лео, Пенгрин, Сүлейменов, Довган, Есенаманов, Першин, Таку, Нұрғожин, Чеботарев, Дуглас.

22 қыркүйек 2015. Алматы. Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или