«Ақтөбе» мен Қазақстан жастар құрамасының бұрынғы ойыншысы футзалға ауысты
Бұрынғы танымал шабуылшы Сергей Лисенков мансабын екінші рет жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.
32 жастағы шабуылшы мансабын 2008 жылы «Ақтөбе» жастар командасында бастаған. «Ақтөбе» сапында екі рет ел чемпионы атанды. Одан кейін «Ақжайық», «Мақтаарал» командаларында доп тепті. Қазақстан жастар құрамасында өнер көрсетті.
2017-2020 жылдар аралығында кәсіпқой деңгейде өнер көрсеткен жоқ. 2020 жылы ол «Қаратау» сапында мансабын қайта жалғастырды. 2022 жылы «Aqtobe City» сапында екінші лигада ойнады.
Енді футболшы ақтөбелік «Рахмет» футзал клубында бақ сынап көргелі отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или