Қазақстандық теннисші Хельсинкидегі турнирдің ширек финалына өте алмады

Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Хельсинкиде өтіп жатқан турнирдегі өнерін аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Екінші айналымда ол италиялық Стефано Травальядан 3:6, 0:6 есебімен жеңіліп қалды.
Айта кетейік, келесі айналымда Травалья Молдова өкілі Раду Алботпен кездеседі.