Теннис

Елена Рыбакина WTA турниріндегі сәтсіздіктен кейін әлемдік рейтингтегі орнын білді

Елена Рыбакина WTA турниріндегі сәтсіздіктен кейін әлемдік рейтингтегі орнын білді
news-banner7
mobile-news-top

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сындағы рейтингтің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина төртінші орынды сақтап қалды. Еске сала кетейік, қазақстандық спортшы Канкунда (Мексика) өткен WTA финалдық турнирінің жартылай финалына шығу үшін өткен кездесуде Белорусь теннисшісі Арина Соболенкодан жеңіліп қалған болатын.

Польшалық теннисші Ига Швентек тағы да әлемнің бірінші ракеткасы атанды, екінші орында Соболенко тұр.

Үшінші орын да өзгеріссіз қалды - америкалық Кори Гауфф топ-3 рейтингтегі орнын сақтап қалды.

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева 70-орыннан 69-орынға көтерілді.

Жұптық сындағы үздік қазақстандық теннисші Анна Данилина бір сатыға көтеріліп, 56-орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0