Қазақстандық файтер ММА-дағы дебютінде жеңіске жетті

Еуразиялық жекпе-жек лигасы мен OLIMPBET бірлесіп ұйымдастырған OCTAGON OLIMPBET SELECTION 30 іріктеу турнирі аясында жартылай ауыр салмақтағы жекпе-жек аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық дебютант Хасан Нәбиев жерлесі Ақжол Әскерұлымен кездесті.
Бірінші раунд Нәбиевтің басымдығымен өтті. Екінші, үшінші раунд бір сырдырғы өтіп, төрешілер жеңісті Хасан Нәбиевке берді.
Жекпе-жекті бейнежазбаның 1:11:45-минутынан көруге болады: