Теннис

Рыбакина WTA финалдық турнирінде қанша табыс тапқаны белгілі болды

Рыбакина WTA финалдық турнирінде қанша табыс тапқаны белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

Әлемнің бірінші ракеткасы беларустық Арина Соболенко Мексиканың Канкун қаласында өтіп жатқан Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) финалдық турнирінің топтық кезеңіндегі кездесуде қазақстандық Елена Рыбакинаны жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойында 6:2, 3:6, 6:3 есебімен Соболенко жеңіске жетті.

Кездесу 2 сағат 34 минутқа созылды.

Осылайша Соболенко жеңіс пен бір жеңіліспен топтан екінші орынға шықты. Рыбакина бір жеңіс және екі жеңіліспен үшінші болып, турнирдегі өнерін аяқтады.

Айта кетейік, финалдық турнирге қатысқаны үшін қазақстандық спортшы WTA-дан 198 000 доллар көлемінде ынталандыру сыйақысын алды.

 Оның турнирдегі жалпы табысы 396 000 долларға дейін жетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0