«Тұран» «Таразбен» тең түсіп, ҚПЛ клубтарының қатарына қосылды

«Түркістан» ФК «Тұран» футболдан Бірінші Қазақстан лигасының соңғы 30-турының өз алаңында «Тараз» клубымен нәтижелі тең ойнап, элиталық дивизионға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Тараз» матчтың 89-минутында команданың жартылай қорғаушысы Жұмат Мүсілімнің алаң иелерінің қақпасына соққан жауап голының арқасында жеңілістен құтылып кетті.
Бірінші лига. 30-тур.
«Тұран» - «Тараз» 1:1 (1:0)
Гол соққандар: 41 Рахимов (1:0) (Тұран) – 89 Муслим (1:1) (Тараз)
31 қазан. 2023. Түркістан. «Түркістан Арена» стадионы
Тұран маусымда 28 кездесуде 69 ұпай жинап, Елімайдан 7 ұпай кем жинады.