Қазақстан құрамасы Боснияны тас-талқан етіп, Еуропа чемпионатына бір қадам жақындады

Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңі аясында Босния құрамасымен кездесті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Хорватия елінде оқу-жаттығу жиынын өткізген Ұлттық құрамамыз плей-офф кезеңнің алғашқы матчында сырт алаңда Боснияны 5:0 есебімен тізе бүктірді. Бірінші таймда Нұрғожин мен Жаманқұлов көзге түсті. Екінші таймда Дуглас дубльдің авторы атанса, Лео нәтижені қорытындылады. Осылайша, Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне бір қадам жақындады.

Қарымта ойын бір аптадан кейін Алматы қаласының Балуан Шолақ спорт кешенінде өтеді.

Еуропа чемпионаты-2016. Плей-офф кезеңі. Бірінші матч.

Босния және Герцеговина - Қазақстан - 0:5 (0:2)

Голдар: Нұрғожин 4, Жаманқұлов 14, Дуглас 24, 31, Лео 38

Қазақстан: Игита, Пенгрин, Таку, Довгань, Гребонос, Шамро, Чеботарев, Сүлейменов, Жаманқұлов, Есенаманов, Нұрғожин, Першин, Дуглас.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или