Самат Смақов мәслихат депутаты болып сайланды

Самат Смақов мәслихат депутаты болып сайланды
news-banner7
mobile-news-top

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Самат Смақов депутат болып сайланды.

29 қазанда еліміздің 11 өңірінде – Абай, Ақтөбе, Алматы, ШҚО, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, СҚО облыстарында және Алматы қаласында мәслихат депутаты сайлауы өтті. Сайлау қорытындысы бойынша "Елімай" футбол клубының қазіргі бас бапкері Самат Смақов Семей мәслихатының депутаты болып сайланды.

Естеріңізге сала кетейік, Самат Смақов бастаған семейлік "Елімай" футболдан Қазақстан бірінші лигасының осы маусымдағы чемпионы атанып, премьер-лигаға жолдама алған еді. 

Түпнұсқасы: kaz.nur.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0