«Қайрат» АФК Чемпиондар лигасының қазіргі жеңімпазына жол берді

«Қайрат» АФК Чемпиондар лигасының қазіргі жеңімпазына жол берді

Испанияда футзалдан Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің үшінші тобында «Пальма» мен «Қайрат» арасындағы кездесу аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 4:3 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Алаң иелері сапында Ромуло, Бруно Гомеш және Фабиньо гол соқса, қонақтар құрамында Клебер (автогол) , Кайо Руис және Дәурен Тұрсағұлов голдың авторы атанды.

Қорытынды ойында жеңіліп қалғанына қарамастан, алматылық клуб топта екінші орын алып, футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының Элиталық кезеңіне шықты.

«Пальма» (Испания) – «Қайрат» (Қазақстан) – 4:3 (3:0)

Голдар:<span> </span>Ромуло 2 (1:0), Бруно Гомеш 14 (2:0), Фабиньо 15 пен (3:0), 39 (4:2) – Клебер 24 АГ (3:1), Кайо Руис 29 (3:2), Тұрсағұлов 40 (4:3)

30 қазан 2023, 00:30. Мальорка.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или