русский язык
Басқа

Нұрдәулет Жұмағали жүзуден Азия пара ойындараның екі дүркін чемпионы атанды

Нұрдәулет Жұмағали жүзуден Азия пара ойындараның екі дүркін чемпионы атанды
Қазақстандық Нұрдәулет Жұмағали Қытайда өтіп жатқан Азия пара ойындарында жүзуден Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір алтын жүлде салды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық спортшы Нұрдәулет Жұмағали жүзуден алтын медаль иегері атанды. Ол 200 м қашықтықты 2:16:74-де жүзіп өтіп, Азия пара ойындарының рекордын жаңартты.

Қазақстан құрамасының қоржынында 8 алтын, 12 күміс және 21 қола жүлде бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;