«Қайрат» АФК – «Халадаш» матчының тікелей трансляциясы
27 қазанда алматылық «Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасының 2023/24 жылғы маусымындағы негізгі кезеңдегі екінші ойынын өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық клубтың қарсыласы Венгрияның «Халадаш» командасы болады. Матч Пальма-де-Мальорке қаласында өтеді.
Ойынды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Астана уақытымен 21:40-та басталады.
Айта кетейік, футзалдан Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінің матчтары 24-29 қазан аралығында өтеді. Әр топтан үздік үш орын алған командалар элиталық раундқа жолдама алады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или