Бублик — Рууд кездесуі қалай өтті. Видео

Үлкен дулыға турнирлерінің үш дүркін финалисі, әлемнің сегізінші ракеткасы норвегиялық Каспер Рууд Базельде (Швейцария) өтіп жатқан ATP-500 турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бірінші айналымдағы кездесуде екінші нөмірлі Рууд әлемнің 30-ракеткасы, Қазақстандық теннисші Александр Бубликті 7:6 (7:5), 6:2 есебімен ұтты.