«Қайрат» – «Дифферданж» матчының тікелей трансляциясы
26 қазанда алматылық «Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасының 2023/24 жылғы маусымындағы негізгі кезеңдегі алғашқы ойынын өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық клубтың қарсыласы люксембургтық «Дифферданж» болады. Матч Пальма-де-Мальорке қаласында өтеді.
Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. (Астана уақытымен) 21:40-та басталады.
Сондай-ақ Рудныйлық «Аят» екінші ойынын португалиялық «Спортингке» қарсы өткізеді. Матч Астана уақытымен 19:50-де басталады.
Айта кетейік, футзалдан Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінің матчтары 24-29 қазан аралығында өтеді. Әр топтан үздік үш орын алған командалар элиталық раундқа жолдама алады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или