Қазақстандық теннисші Мысырдағы турнирді сәтсіз бастады
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Мысырдың Шарм-эль-Шейх қаласында өтіп жатқан ITF турнирінің жұптық сынында алғашқы айналымда жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Отандасымыз украиндық теннисші Валерия Страховамен бірге Катарина Кузмова – Екатерина Шалимова жұбынан 6:7, 6:0, 7:10 есебімен жеңілді.
Айта кетейік, жуырда Францияның Шербург қаласында өткен ITF турнирінде 23 жастағы қазақстандық спортшы жұптық сында жеңіске жеткен болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или