«Барыс» капитаны келесі матчқа қатыспайды

«Барыс» елордалық команда капитанының жағдайы туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Роман Старченко сыртта «Ладамен» болған кездесуде жарақат алған болатын. Қосымша медициналық тексеруден өткен шабуылшы жарақат алғандардың тізіміне ауыстырылды.
Ағымдағы тұрақты маусымда «Барыстың» капитаны 14 кездесу өткізіп, 9 (3+6) ұпай жинады.