«Мен патшамын». Жәнібек Әлімханұлы «Канелоны» тақтан тайдыруға дайын
WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) супер орта салмақтағы сөзсіз әлем чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альвареске (60-2-2, 39 КО) тағы да батыл үндеу тастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Мен сізге орта салмақтың патшасы екенімді айттым. Ешкім патшамен соғысқысы келмейді! Бұл бәріне түсінікті! Бокста әлі де корольдер бар ма? Шайқас ұйымдастырайық! Тәжі бар бір боксшы бар деп естідім. «Мексикандық стильге» қарсы «Қазақ стилін» тексерейік! #ЖәнібекКанело», — деп жазды Әлімханұлы X әлеуметтік желісінде (бұрынғы Twitter).
Естеріңізге сала кетейік, 15 қазанда қазақстандық боксшы Стоктондағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде неміс IBF чемпионы Винченцо Гуальтиериді (21-1-1, 7 КО) жеңген болатын. Осылайша Әлімханұлы WBO және IBF титулдарын біріктірді.