Елена Рыбакина 2023 жылы ерекше жетістікке жетті

Елена Рыбакина 2023 жылы ерекше жетістікке жетті

Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина биылғы маусымда екі WTA 1000 турнирінде жеңіске жеткен жалғыз теннисші атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Елена наурызда Американың Индиан-Уэллс қаласында өткен WTA 1000 турнирінде топ жарды, ал мамырда Римде өткен Italian Open турнирінде жеңіске жетті.

Айта кетейік, Рыбакина WTA 1000 чемпионы атағына қол жеткізген алғашқы қазақстандық теннисші.

Осы санаттағы екі турнирде жеңіске жеткен Елена бәсекелестерінен асып түсті. 2023 жылы Барбора Крейчикова (Dubai Open), Петра Квитова (Miami Open), Арина Соболенко (Madrid Open), Джессика Пегула (турнир в Монреале), Кори Гауфф (Цинциннати), Мария Саккари (Гвадалахара), Ига Швентек (Пекин) бір WTA 1000 турнирінде топ жарды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или